A+ A A-

talgatzhan 36 9-12-2024, 13:24 0

ШҚО-дағы жолдар сапасын кім қадағалайды? Ермек Көшербаев жауап берді

Бүгін / ШҚО

Аймақ әкімі сауалға ақпарат ұсынбас бұрын «Жол жылы» аясында атқарылған жұмыстарға да тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес ілкімді жұмыс атқарылмаған тоғыз ауылға асфальт төселді. Бірақ шағын ауылдарға апарар жолдар қамтылмады. 
- Барлығын бір күнде аяқтау мүмкін емес. Бізде арнайы тізім бар. Онда жұмыс қалай жүргізілуі тиістігі жөнінде жоспар бар. Келесі жылы 300 шақырым жөнделмек. Алдағы уақытта өңірдегі жолдар сапасы жақсара түседі. Тағы бір маңызды дүние, бұрын жөндеуден кейін 1,5-2 жыл кепілдік берілсе, біз кепілдік мерзімін 3 жылға создық. Тұрғындарға жол сапасын жұмыс жүріп жатқан кезде тексеру мүмкін екендігін айттық, - деді Ермек Көшербаев.
Жауапты тұлға биыл осы бағытқа бөлінген қаржы 7 млрд теңгеден 15 млрд теңгеге арттырылғанын алға тартты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив