A+ A A-

talgatzhan 35 9-12-2024, 13:45 0

ШҚО-да жол бойында қызмет көрсететін 11 пункт ашылады

Бүгін / ШҚО

Өңірдегі кәсіпорындардың бірі жуықта нысандарды жабдықтайтын болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


«Кэмонт» АҚ жол бойындағы қызмет көрсететін нысандардың сызбасын ұсынды. Жобада тек жылы санитарлық-гигиеналық аумақтар ғана емес, фуд-корт та бар.

-Инфрақұрылым қажеттілігін ескере отырып, аудандарда 11 пункті анықтадық. Биыл алғашқы нысандар салынып, 2025 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай бұл бағыттағы жұмыстар толығымен аяқталады, - деді ШҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабақов.

Естеріңізге сала кетейік, санитарлық-гигиеналық нысандардың жұмысын қолдауға берілетін мемлекеттік субсидия айына 83 мың теңгені құрайды. Туризм объектілерін салу және қалпына келтіру кезіндегі мердігер шығындарының бір бөлігі мемлекет тарапынан бір жыл ішінде өтеледі. Ол нысан құнының 10 пайызын құрайды. 

Фотосурет: baigenews.kz


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив