A+ A A-

talgatzhan 33 9-12-2024, 14:00 0

ШҚО-да медициналық туризмді қалай дамытпақ?

Бүгін / ШҚО

Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың сөзінше, пантымен емдеу орындары облыс брендіне айналған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлғалар айтуларынша,  Шығыстың табиғаты мен дәрігерлердің кәсіби әлеуеті өңірде медициналық және санаториялық-курорттық туризмді дамытуға да ықпал етеді.
- Бұл бағытта алғашқы қадамдар да жасалуда. Пантымен емдеу орындары облыс брендіне айналған. Оған қоса, қазір үздік технологиямен жабдықталған және білікті кадрлары бар облыстық онкология орталығы өзге өңірлер мен шет ел тұрғындарына ем көрсете бастады. Кей ауылдастарымыз баруды жөн көретін Түркия немесе Кореяда мұндай рәсім шамамен 3 мың АҚШ долларын құрайды, - деді Ермек Беделбайұлы.
Жауапты тұлғаның сөзінше, туризмді дамыту – бірінші кезекте жол бойындағы сервис, ас мәзірі, қызмет көрсету сапасы, инфрақұрылым, электр қуаты және жолдың сапасына байланысты.

Фотосурет www.gov.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив