Облыс әкімі Ермек Көшербаев мұны Өскеменде өткен брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, кеше аймақ басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді. Шара барысында аймақ басшысы уақыттың өзгеруіне байланысты кейбір кәсіпорындардың жұмыс кестесіне өзгеріс енуі мүмкін екенін айтты.
- Біз мемлекеттік органдар мен көліктің қазіргі уақыт кестесін қалай бейімдеуге болатынын талқылап, шешім қабылдайтын боламыз. Өйткені, ол әр жерде әртүрлі. Мәселен, кейбір балабақша 8:00-ден, енді бірі 07:30-дан бастап жұмыс істейді. Біз барлығына қолайлы шешім табуымыз керек, - деді ол.
Пікірлер