Ұлан ауданының тұрғыны кәмелеттік жасқа толмаған баласын асырап-бағуға алимент төлемей келген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қарыздың жалпы көлемі 1 109 681 теңгені құрады.
Сот борышкердің сот актісін ұзақ уақыт орындамауын, атқарушылық құжат бойынша берешегінің болуын ескеріп, сот орындаушысының ұсынысын қанағаттандырды.
Ер адам өз қарызын толық өтегенше жүргізуші куәлігін қолдануы уақытша тоқтатылды..
Сот актісі заңды күшіне енді.
Пікірлер