A+ A A-

talgatzhan 38 12-12-2024, 15:00 0

ШҚО-да ертең тұман түседі

Бүгін / ШҚО

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпаратынша, 13 желтоқсанда түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Өңірдің оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с жететін жел ұйытқиды. 

-Егер сіздің көлігіңіз қыс мезгілінде жүруге жабдықталмаған болса, елдімекеннен тыс сапарға шықпағаныңыз жөн. Жолға шығар алдында мына заттарды алу ұсынылады: сүйрейтін арқан, жанармай қоры, күрек, қол шам, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы, жылы киім, азық-түлік. Көлік жүргізушілері жылдамдықты сақтап, жаяу жүргіншілер жарақат алмас үшін абай болған жөн, - делінген мәліметте. 

Төтенше жағдайда "112"нөміріне қоңырау шалыңыздар. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив