A+ A A-

talgatzhan 39 13-12-2024, 12:00 0

ШҚО-да скутер жүргізушісін қағып өлтірген ер адам 2,5 жылға түрмеге қамалды

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында скутер жүргізушісін қағып өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 


ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы осы жылдың қазан айында Алтай қаласында болған. 

Панфилов көшесімен келе жатқан көлік жүргізушісі солға бұрылған кезде скутерді байқамай қалып, қағып кеткен. Соның салдарынан ауыр жарақат алған жәбірленуші ауруханада көз жұмды. 

-Сот шешімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 5 жылға көлік басқаруға тыйым салынды, - делінген ақпаратта.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде екі баланы қағып кеткен көлік жүргізушісі 3 күннен бері табылмай жатқаны хабарланған. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив