A+ A A-

talgatzhan 39 13-12-2024, 13:00 0

Биыл ШҚО ХҚКО филиалдары жарты миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті

Бүгін / ШҚО

"Азаматтарға арналған үкімет" филиалының ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембуловтың айтуынша, бүгінгі күні қолжетімді 1353 мемлекеттік қызметтің 1267-сі көрсетіледі, оның 1214-і электрондық форматта, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 


-Жыл басынан бері ШҚО ХҚКО-лары арқылы 513 698 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 15% - ға көп. Өскеменде азаматтарға ыңғайлылықты жақсартуға баса назар аудара отырып, барлық ХҚКО-ларды толық жаңғырту жүргізілді. Қазіргі таңда фронт-офистер ең қысқа мерзімде сапалы мемлекеттік қызметтерді алу үшін барлық қажетті құралдармен және цифрлық жүйелермен жабдықталған, - деді ол. 

Белгілі болғандай, биыл электрондық қызметтерді өз бетінше алатын азаматтар саны өскен. Облыс тұрғындары "ХҚКО", eGovMobile және екінші деңгейлік банктер қосымшалары арқылы электрондық сервистерді белсенді қолданады. Өткен жылы өңір тұрғындары 246 мыңнан астам қызмет онлайн алса, ал биыл бұл көрсеткіш 300 мыңнан асты.

ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жалпы негізде ерлер 63 жасқа, ал әйелдер 61 жасқа толғаннан кейін зейнетке шығады. 2028 жылдан бастап ҚР заңнамасы негізінде әйелдер үшін зейнеткерлік жас жыл сайын 6 айға ұлғаяды. Мұндай өсім 2031 жылға дейін 63 жас шегіне жеткенде болады. Бұдан басқа, әлеуметтік кодекске "Марапатталған аналар" деген жаңа ұғым енгізілді. Мұндай мәртебе "Күміс алқа", "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ 1-ші немесе 2-ші дәрежелі "Ана даңқы" ордені бар әйелдерге беріледі. Осы санат бойынша аналарға ай сайын 6,40-тан 7,40 АЕК-ке дейінгі жәрдемақы төленеді. Жәрдемақыға өтінімді проактивті форматта да ресімдеуге болады, - дейді филиал директорының орынбасары Айжан Агибаева 

Сондай-ақ жер кадастры және жылжымайтын мүлікті тіркеу желісі бойынша филиал директорының орынбасары Дмитрий Галаниннің сөзінше, мемлекеттік корпорация Blockchain технологиясын қолдана отырып, екінші деңгейдегі банктер мен жеке тұлғалар арасында жылжымайтын мүлікке банктік қарыз шартын ресімдеу кезінде берілген кепілдің электрондық тіркелуін жүзеге асырады. 

-Бұл қызмет сұранысқа ие және қызметті алушылар арасында оң пікірге ие. Өйткені бұл клиенттерге тіркеу процесін үш күннен бір күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері 4 мыңнан астам келісімшарт тіркелген, - деді ол. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив