A+ A A-

talgatzhan 38 13-12-2024, 13:30 0

ШҚО-да VIP нөмірлер қанша теңге тұрады?

Бүгін / ШҚО

Биыл өңір тұрғындары 80 мыңнан астам қызметті мамандандырылған ХҚКО арқылы дербес рәсімдеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 


Оның ішінде 70 мыңға жуық азамат көлік құралдарын қайта тіркеді, ал 10 мыңнан астамы жүргізуші куәлігін электронды түрде ауыстырды. Бұл ретте мамандандырылған ХҚКО арқылы 40 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Сондай-ақ VIP нөмірлерге сұраныстың өсуі байқалады. Мемлекеттік баждың құны әріптер мен сандардың таңдалған комбинациясына байланысты. Былтыр облыстағы автокөлік иелері 247 "әдемі" нөмір сатып алса, биыл 396 нөмір алынған. 

Ең арзан VIP нөмірлер 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 және цифрлық белгілеу нөмірлері бірдей әріпті нөмірлер. Әр нөмірдің құны - 57 АЕК. 

Ең қымбат VIP нөмірлер: бірдей әріптік белгілері бар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Олардың құны 285 АЕК-ті құрайды. 

Естеріңізге сала кетейік, автокөлік сатылған жағдайда жүргізуші нөмірді 6 айға дейін мамандандырылған ХҚКО-да сақтауға қалдыра алады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив