ШҚО Білім басқармасының ақпаратынша, ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірнеше аудан оқушылары қашықтан оқу форматына ауысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ауа температурасының -28-ден -31 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Алтай қаласындағы мектептерде 1-ші және 2-ші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға ауыстырылады: “Тұрғысын орта мектебі” КММ, “Чапаев орта мектебі” КММ, “Леснопристань орта мектебі” КММ, “Путинцево орта мектебі” КММ, “Соловьев орта мектебі” КММ, “М.Бикетов атындағы орта мектебі” КММ, ,”Маяк орта мектебі” КММ, ”Новокрестьянка бастауыш мектебі” КММ,”Крестовка бастауыш мектебі” КММ, “М.Харин атындағы бастауыш мектебі” КММ, “Зубовск орта мектебі” КММ.
Ауа температурасының -26 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Риддер қаласындағы мектептерде 1-ші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Сондай-ақ Глубокое ауданында ауа температурасының -28-ден -30 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 1-ші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқытуға ауыстырылды: “Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі” КММ, “Белоусовка негізгі мектебі” КММ, "Белоусовка бастауыш мектеп-балабақша кешеніне" КММ, О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі" КММ, "А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі" КММ, “Малоубинка орта мектебі” КММ, “Предгорное №1 орта мектебі” КММ, “Прогресс орта мектебі” КММ, “Черемшанка орта мектебі” КММ.
Төтенше жағдайға байланысты Марқакөл ауданындағы "Қарашілік НОМ" КММ оқушылары қашықтан оқытуға көшеді, ал қалған мектептер штаттық режимде оқиды.
Пікірлер