A+ A A-

talgatzhan 35 17-12-2024, 10:20 0

ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 33 мыңнан астам дерегі тіркелді

Бүгін / ШҚО

Жылыту маусымы басталғалы 116 656 жер үй тексерілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Тексеру барысында 33 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі анықталды. Оның 14 100-і пешпен жылытуға байланысты. Сондай-ақ ШҚО ТЖД қызметкерлерінің уақтылы профилактикасының арқасында 23 874-тен астам бұзушылық жойылды.
Көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге, мүгедектер мен әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға ерекше назар аударылып, улы газды анықтайтын датчиктері орнатылуда. Тұрғындардың өтініші бойынша 3011 пеш пен мұржа тексеріліп, ұсыныстар берілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив