ШҚО ТЖД қызметкерлері қыс мезгілінің басынан бері 300-ден астам рейд өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Нәтижесінде ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 412-бабын бұзғаны үшін 13 балықшы мен қауіпті аймақта баланы қараусыз қалдырған ата-ана жауапкершілікке тартылды.
- Азаматтардан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Құтқару кеудешелерін киюді ұмытпаңыздар. Ата-аналар балаларына су қоймаларына баруға болмайтынын түсіндіру керек, - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.
Пікірлер