ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, облыс ауруханаларына пневмониямен 5 мыңға жуық науқас түсіп, оның ішінде 88 адам көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Пневмонияның таралуына бактериялар мен вирустар әсер етеді. Кейбір жағдайда саңырауқұлақтар мен паразиттер де өкпенің қабынуына себеп болады. Жұқпалы пневмонияны негізінен пневмококктар, стафилококктар және стрептококктар тудырады. Биыл өңірде коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 54 жағдайы тіркелді, - деді басқармадағылар.
Айта кетейік, облыста пневмонияға шалдыққандар саны өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есе көбейген.
Пікірлер