Ағзадағы есірткінің құрамын анықтайтын заманауи хроматограф сатып алу жоспарланып отырғанын облыс әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Біздегі құрал-жадбықтар барлық спектрді анықтай алмайды. Осыған байланысты тәртіп бұзушылар жазадан қашып жатады. Сол себепті, тыйым салынған заттарды анықтауға арналған жаңа жабдықты сатып алу туралы шешім қабылданды, - деді өңір басшысы.
Айта кетейік, 2025 жылға арналған бюджетте туберкулездің алдын алу, ЖИТС, АИТВ және нашақорлықпен күресу бойынша әлеуметтік жобаларға 245,6 миллион теңге қарастырылған.
Пікірлер