Жуықта облыстық мәслихат депутаттары 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасын бекітті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, археология саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту бағдарламасы аясында 2025 жылы Ұлан, Тарбағатай және Зайсан аудандарында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ «Ақбауыр» археологиялық кешенін мұражайландыру қолға алынбақ.
Аталған іс-шараларға бюджеттен 195,3 миллион теңге қарастырылып отыр.
Пікірлер