"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпаратынша, 18 желтоқсанда күндіз облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Күндіз өңірдің шығысы мен оңтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с жететін жел соғады.
Осы ретте ШҚО ТЖД мамандары көлігіңіз қыс мезгілінде жүру үшін жабдықталмаған болса, елдімекендерден тыс сапарға шықпауға кеңес береді. Жолға шығар алдында құтқарушылар жүргізушілерге мына заттарды жолға алуды ұсынады: сүйрейтін арқан, жанармай қоры, күрек, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы, жылы киім, азық-түлік.
Төтенше жағдайда "112" нөміріне қоңырау шалыңыдар.
Пікірлер