A+ A A-

talgatzhan 35 17-12-2024, 17:25 0

ШҚО-да сирек ауруға шалдыққандарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жарты миллиард теңге бөлінеді

Бүгін / ШҚО

2025-2027 жылдарға арналған бюджетті жоспарлау барысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2,3 есеге артатыны мәлім болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 


Атап айтқанда, сирек кездесетін дертке шалдыққан азаматтарға дәрі-дәрмек сатып алуға жарты миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылмақ. Бүгінгі таңда облыста бұл санатқа жататын 55 адам бар (23 ересек және 32 бала).

-Қаңтарда тапшылық болып, халық тендер өткенше дәрі-дәрмекті өз қаражатына сатып алмас үшін жыл соңына дейін дәріханаларда олардың бар-жоғын тексеру қажет, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев. 

Сондай-ақ келер жылы 5,5 миллиард теңгеге 126 медициналық техника мен 36 автокөлік сатып алу жоспарлануда. Түркия, Германия және Ресейдің үздік клиникаларында маман даярлау ісі де өз жалғасын таппақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив