Жаңа жыл қарсаңында облыста қылқан жапырақты өсімдіктерді қорғау жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
1 желтоқсаннан бастап орман алқаптарына апаратын негізгі жолдарға бақылау бекеттері қойылды.
-12 желтоқсанда Малоубинка ауылының маңындағы бақылау-өткізу бекетінде ВАЗ 2121 автокөлігі тексерілді. Нәтижесінде рұқсатсыз кесілген қарағай бұтақтары табылды. Көлік жүргізушісіне 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, - делінген ШҚО орман шаруашылығы инспекциясының мәліметінде.
Фотосурет: shygysormany Instagram парақшасынан
Пікірлер