A+ A A-

talgatzhan 46 18-12-2024, 16:45 0

ШҚО-да түнде отшашу атқандарға айыппұл салынады

Бүгін / ШҚО

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері пиротехникалық өнімдерді тек мамандандырылған дүкендерден сатып алуды ұсынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Сонымен қатар мамандар отшашуды ғимаратқа 50 метр жақын жерде атпауға, желді ауа райында пиротехникалық бұйымдарды қолданбауға кеңес береді.

Жыл сайын мереке қарсаңында ТЖД және полиция қызметкерлері нарықта пиротехникалық өнімдердің заңсыз сатылымын анықтау мақсатында рейдтер жүргізеді. Қазіргі таңда 357 объект алдын ала тіркеліп, 50 қызметкерден тұратын 15 мобильді топ құрылды.

-Облыс бойынша 189 рейд жүргізіліп, ереже бұзушылықтар анықталды. Глубокое және Ұлан аудандарында 29 пиротехникалық бұйым тәркіленді. Пиротехникалық өнімдердің сертификаты болмаса, ҚР ӘҚБтК 196 және 483-баптарына сәйкес айыппұл салынады. Сондай-ақ 436-бап бойынша отшашуды жұмыс күндері сағат 23:00-ден кейін атқаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Бұл ереже тек 2024 жылдың 31 желтоқсанынан 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылмайды, - делінген ақпаратта. 

Қазіргі уақытта облыста пиротехникалық өнімдер сатуға рұқсат алған 4 ұйым бар: «Ұлан» ЖШС (Өскемен), «СТиК» ЖШС (Өскемен), «Алтай Салют» ЖШС (Алтай қаласы), «Алтай Уют» ЖШС (Алтай қаласы).

Сондай-ақ ШҚО ТЖД өкілдері пиротехникалық өнімдерді сатып алу кезінде олардың сақтау және сату мерзіміне назар аударған жөн дейді. Балаларға отшашуды пайдалануға тыйым салынған. Оны ату алаңынан 15-20 метр қашықтықта тамашалауға болады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив