Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Еліміздің туризм саласында Шығыс Қазақстан облысы ерекше орын алады. Мұнда туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіндік бар, - дейді ол.
Белгілі болғандай, былтырғымен салыстырғанда осы жылы қызмет көрсету көлемі 50%-ға өскен. 185 мың қазақстандық қонақүй қызметін пайдаланды. Аталған салаға құйылған инвестиция көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 23%-ға артты.
Биыл өңірде үш жоба жүзеге асырылды, тағы екеуі аяқталу үстінде.
- Жергілікті атқарушы органдарға инфрақұрылымды дамыту және салу мәселелері жөнінде өкілеттік беру, инвесторлардың шығындарын өтеу бойынша шаралар қабылданбақ. Глэмпинг алаңдары мен қонақүйлерді салуға қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ орналастыру орындарын классификациялау және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарлануда, - деді Ербол Мырзабосынов.
Пікірлер