A+ A A-

talgatzhan 37 19-12-2024, 17:00 0

ШҚО-да орман өрт сөндірушілерінің киіміне 50 миллион теңге бөлінбек

Бүгін / ШҚО

Келесі жылы ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметін қолдауға 10,2 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Шығынның басым бөлігі мамандандырылған техника паркін жаңартуға, 13 орман шаруашылығын және жедел әрекет ету бөлімшесін ұстауға жұмсалады.
- 4 миллиардқа жуық теңгеге 101 арнайы техника сатып алу жоспарлануда. Сонымен қатар орман өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлеріне 100% қосымша ақы төлеуге  шамамен 1,7 миллиард теңге қарастырылған, - деді ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Фархат Белбеев. 
Ал орманшыларға арналған KAMA3-43118 маркалы үш автобус сатып алуға 184,5 миллион теңге жұмсалады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив