A+ A A-

talgatzhan 30 19-12-2024, 17:20 0

ШҚО-да 186 спорт нысаны талапқа сай емес

Бүгін / ШҚО

Бұл облыстағы 1859 спорт орындарының 10 пайызын құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, елде дене шынықтырумен белсенді айналысатын азаматтардың саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, Шығыс Қазақстанда бүгінгі таңда 305 мың адам спортпен шұғылданады. Ал балалар мен жасөспірімдер саны 32,7 мыңнан асады. 
Сондай-ақ қалалар мен ауылдық елдімекендерде спорт инфрақұрылымы дамып, спорт нысандары салынуда.
- Биыл Тарбағатай ауданындағы Тұғыл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу басталды. Құрылыс жұмыстары Күршім, Ұлан және Катонқарағай аудандарының бірнеше ауылында жүзеге асырылуда, - дейді Ербол Мырзабосынов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив