Адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiргені үшін қылмыстық жауаптылық Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабында көзделген.
Еліміздің Ата Заңының 1-ші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» -деп көрсетілген.
Бұл дегеніміз, біздің мемлекеттің адамды және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазына деп тануы мемлекеттің адамға үнемі қамқорлық көрсетіп, адамның жақсы өмір сүруі үшін оған қажетті барлық жағдайды жасайтынын, адам өмірін қолсұғушылықтан қорғайтынын білдіреді.
Адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiргені үшін қылмыстық жауаптылық Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабында көзделген.
Атап айтқанда, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы көзделген.
Егер екi немесе одан да көп адамға қатысты; адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты; кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кінәлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тәуелді адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепiлге алумен ұштасқан; аса қатыгездікпен; адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша; бұзақылық ниетпен; әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша; жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін пайдалану мақсатында; бірнеше рет; көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты; төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған дәл сол іс-әрекет – мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Егер абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер бойынша мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Сондықтан, қызбалыққа, әлімжеттікке берілмей, сабыр сақтаған жөн екенін, әр азаматтың өмірінің заңмен қорғалатынын естен шығармаған абзал!
Өскемен қаласының мамандандырылған
тергеу сотының бас маманы Галина Савина
Фотосурет Egemen.kz сайтынан
Пікірлер