Алдағы демалыс күндері өңірде қар жаууы ықтимал, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Синоптиктердің айтуынша, елдің шығысында сынап бағанасының айтарлықтай ауытқуы күтілмейді.
-21-22 желтоқсанда өңірде қалың қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін. Ауа температурасы күндіз 4-7 градусқа дейін төмендейді, – деді «Қазгидромет» РМК мамандары.
Ал Өскеменде демалыс күндері боран соғуы ықтимал. Ауа температурасы күндіз 3-6 градус, түнде 9-12 градус төмен болады.
Пікірлер