A+ A A-

talgatzhan 38 20-12-2024, 15:45 0

ШҚО-да жалған айғақ берген куәгер 5 жылға сотталды

Бүгін / ШҚО / Қылмыс

Куәгер облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Болат Нұралиевке қатысты сыбайлас жемқорлық ісі бойынша жалған айғақ берген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл фактіні арнайы тергеу барысында прокурорлар растады.
Сот куәгердің кінәсін мойындағанын ескеріп, шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жазда ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Болат Нұралиев пен оның орынбасары Әсет Тұрақбаевқа қатысты үкім шыққан еді. Олар заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысып, ауыр жүк көліктері арқылы кен тасымалдаған. Сол әрекеттерімен мемлекетке 63 миллион теңге көлемінде зиян келтірді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив