Тәуліктік мониторинг нәтижесінде қар көшкіні қаупі бар беткейлерде желдің әсерінен қауіп төндіретін қар массалары жиналғаны анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар Өскемен-Самар тасжолында 3 жарылыс жүргізіліп, 890 шаршы метр қар массасы түсірілді.
Осы ретте мамандар қалың қар жауғаннан кейін 3-5 тәулік ішінде қар көшкіні қаупі бар кезең екендігін еске салады. Сондықтан осы уақытта тауға бармаған дұрыс.
Пікірлер