Облыстық кәсіпкерлер палатасы жыл сайын түрлі саладағы кадрлардың қолжетімділігі бойынша сауалнама жүргізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Әсет Әділханның сөзінше, сауалнама қорытындысы бойынша білім, денсаулық сақтау, өндіріс, құрылыс, сауда және әлеуметтік сала жұмысшыларына сұраныс жоғары.
Аталған сауалнамаға 1973 кәсіпкерлік субъектісі қатысты. Осылайша, облыста барлығы 7965 маман тапшы.
- Облыста кен және металл пештерінің машинисі, автослесарь, арматурашы, металл конструкцияларын құрастырушы, сатушы, электрик, ағаш ұстасы, автобус жүргізушісі қажет, - дейді Әсет Әділхан.
Пікірлер