Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, 2021-2024 жылдар аралығында өңірде «Аңсаған Сәби» бағдарламасы шеңберінде экстракорпоралды ұрықтандыруға 1509 квота бөлінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Атап айтқанда, 2021 жылы – 500, 2022 жылы – 488, 2023 жылы – 269, 2024 жылы – 252 квота. Олардың барлығы 100 пайыз игерілді. Осылайша, 482 сәби дүние есігін ашты.
-Қазіргі таңда ЭКҰ-дың 44 пайызы сәтті өтті. Келесі жылға арналған квота саны желтоқсан айында белгілі болады, - деді басқарма өкілдері.
Пікірлер