A+ A A-

talgatzhan 41 23-12-2024, 14:35 0

ШҚО-да мал дәрігерлерінің жалақысы 15-20%-ға артады

Бүгін / ШҚО

Аймақта ветеринария саласында кадр тапшылығы мәселесі байқалуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықовтық мәліметінше, келер жылы саланы қаржыландыруды ұлғайту аясында мал дәрігерлердің жалақысы 15-20%-ға артады. Алайда кадр тапшылығы мәселелері өзекті болып қала береді.
- Жастар келіп, тәжірибе жинақтап, жеке компанияларға кетеді. Мемлекеттік дәрігерлердің орташа жалақысы 190-нан 230 мыңға дейін, ал жеке дәрігерлердің жалақысы 500 мыңнан миллион теңгеге дейін, - деді Рамиль Сағандықов.
Өңір басшысы Ермек Көшербаев мемлекеттік ветеринария мамандарына жеке құрылымдарда қосымша ақша табуға тыйым салудың қажеті жоқ екенін, бірақ жалақыны арттырудың қосымша мүмкіндіктерін қарастыру керектігін атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив