A+ A A-

talgatzhan 35 23-12-2024, 14:40 0

«Қазпоштадан» хабарласса байқаңыздар. ШҚО-да алаяқтар жаңа әдіске көшті

Бүгін / ШҚО

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы уақытта алаяқтар өздерін «Қазпошта» қызметкерлері ретінде таныстырып жүр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сөйтіп, қарапайым адамдарды алдауға тырысуда.
- Олар сіздің атыңызға сәлемдеме, тапсырма хат келгенін және оның қай ұяшықта екенін білу үшін, сондай-ақ жеткізушіге тапсыру үшін сіздің нөміріңізге 1414 нөмірінен жіберілген СМС-кодты жазуды сұрайды, - делінген ақпаратта. 
Алаяқтықтың бұл түрі екі кезеңнен тұрады. Ұялы телефонға келген СМС-кодты алған соң алаяқтар азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізе алады. Екінші кезеңде олар басқа нөмірден WhatsApp немесе Telegram мессенджері арқылы бейнеқоңырау арқылы хабарласады. Өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, шабуылдаушылар оның атына несие алуға тырысып жатқанын хабарлайды. Осылайша, қайтадан өздері жіберетін СМС-кодты айтуды сұрайды.
Осы ретте өңірдегі Полиция департаменті мамандары тұрғындарға сақ болуды ескертеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив