Биыл елде тұрғын үйге сұраныс айтарлықтай өсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
11 айдың қорытындысына сүйенсек, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша жасалған келісімшарт саны – 382,9 мыңды құрады. Оның ішінде, пәтер сатып алу-сату туралы 297,7 мың, ал жеке үйді сатып алу-сату жөнінде 85,2 мың мәміле жасалды.
Қаңтар-қараша аралығындағы транзакциялар саны бойынша Алматы (74,9 мың), Астана (67 мың), Қарағанды облысы (30,1 мың), Алматы облысы (20,7 мың) және Маңғыстау облысы (19 мың) көш бастап тұр. Тұрғын үйді сатып алу-сату туралы келісімшарттың ең көп өсімі Батыс Қазақстан облысында байқалады – 42%.
Ал Шығыс Қазақстанда бұл көрсеткіш биыл 3%-ға кеміген.
Жалпы алғанда, тұрғын үй нарығындағы транзакциялар санының белсенді өсуі 2017-2018 жылдары басталған еді.
Пікірлер