A+ A A-

talgatzhan 44 24-12-2024, 09:30 0

ШҚО-дағы жол жөндеу жұмыстарынан 400-ден астам ақау анықталды

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысындағы жол жөндеу жұмыстарынан 428 ақау анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Жол активтері сапасының ұлттық орталығы ШҚО бойынша филиалының мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңірдегі жол жөндеу жұмыстарына 777 тексеру жүргізіліп, 428 ақау анықталған. Оның ішінде жұқа асфальт, ойдым-ойдым әрі шұңқыр жолдар. Қазір 302 ақау жойылды.

- Мамандар республикалық маңызы бар жолдарға 315 рет тексеруге барды. 1027 сынама алынып, оның 15 пайызы стандарттарға сәйкес келмей шықты. Мердігерлер оның 64 пайызын түзетті, - делінген ақпаратта.

Сол үшін мердігер компаниялар 280,4 млн теңге шығындаған. Соның нәтижесінде 405 мың шаршы метр асфальтбетон жабыны қайта жөнделіп, жергілікті маңызы бар жолдарда 6 мың текше метрден астам инертті материалдар ауыстырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив