Көлік қозғалысы профилактикалық жұмыстарға байланысты уақытша шектеледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгін сағат 10:00-ден бастап қар көшкіндерінің алдын ала түсіру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізілуіне байланысты "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары" республикалық маңызы бар тасжолы учаскелерінде, атап айтқанда 46-66 шақырымында (Северное ауылынан Серебрянск қаласына дейін) қозғалыс уақытша жабылады.
Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.Қауіпсіздік пен бақылауды қамтамасыз ету үшін тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқармақ.
Осы ретте полиция қызметкерлері азаматтардан сапарды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді және сақтық шараларын сақтауды сұрайды.
Пікірлер