A+ A A-

talgatzhan 35 24-12-2024, 14:50 0

ШҚО қатерлік ісік өлім-жітімі бойынша республикада бірінші орында тұр

Бүгін / ШҚО

Ал жаман ауруға шалдыққандар саны бойынша екінші орында, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Биыл өңірде қатерлі ісіктен 730 адам қайтыс болды. Бұл көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 63%-ға артық. 

Өлім-жітім құрылымында өкпе обыры бірінші орында тұр (150 жағдай). Сондай-ақ тоқ ішек (93 жағдай) сүт безі (53 жағдай), асқазан (52 жағдай), ұйқы безінің қатерлі ісігі (46 жағдай) жиі тіркеледі. 

Жаман аурудан көз жұмғандар саны Шемонаиха, Глубокое, Алтай аудандарында артқан. Оның ішінде 410 ер адам (56,1%), 320 әйел (43,9%) бар. 

Сондай-ақ биыл осы жылы өңірде қатерлі ісік ауруының 2338 жаңа жағдайы анықталды. Барлығы 14 479 адам есепте тұр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив