ШҚО Полиция департаменті мен ТЖД мамандары бірлесіп, сертификатталмаған пиротехника саудасына қарсы 340-қа жуық рейд өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Нәтижесінде 194 дана контрафактілік өнм тәркіленіп, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР Кодексінің 196-бабы бойынша 21 хаттама толтырылды.
-Пиротехникалық бұйымдар оның сақталуын қамтамасыз ететін, тікелей күн сәулесі мен атмосфералық жауын-шашыннан қорғайтын дүкендерде, павильондарда және киоскілерде сатылуы керек. Сондай-ақ ғимараттардың орналасуы эвакуация жолдарын бөгемеуі және бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс, – деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
ШҚО ПД өкілдерінің мәліметінше, облыста лицензиясы бар 4 заңды тұлға тіркелген: олардың екеуі Өскемен қаласында, екеуі Алтай қаласында орналасқан.
Ал лицензиясы жоқ тұлғаларға және ашық сөрелерден, көліктерден пиротехникалық бұйымдарды сатуға қатаң тыйым салынады.
Пікірлер