A+ A A-

talgatzhan 32 25-12-2024, 16:15 0

Өскемен-Самар тасжолындағы жарылыс: сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Бүгін / ШҚО

ШҚО Полиция департаменті өкілдері тергеудің қандай бап бойынша жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 


Естеріңізге сала кетейік, 19 қарашада Өскемен-Самар тасжолының 75-ші шақырымында VOLVO жүк көлігі жарылған болатын. Көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты. Салдарынан тағы бірнеше көлік зақымдалып, бір адам зардап шекті.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 290-бабының 1-бөлігіне сай (атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды күзету тапсырылған адамның өз міндеттерін тиісінше орындамауы, егер бұл олардың ұрлануына немесе жойылуына немесе өзге де ауыр зардаптардың туындауына әкеп соқса) тергеу жалғасып жатыр. 

-Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді, - деді ШҚО ДП бастығы Ерлан Омарбеков.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив