Бүгін Ақтау қаласының маңында «Баку-Грозный» бағытындағы ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) донорлық акциясын ұйымдастыруды ұсынды. Оның мүшелері ұшақ апатында қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ ауруханаға жеткізілген жандарды қолдау үшін қан тапсыру шарасын ұйымдастыруды шешті.
Осылайша, облыс тұрғындары мен қонақтары 26 желтоқсанда сағат 09:00-де Көкжал Барақ, 11 мекенжайы бойынша орналасқан облыстық қан орталығына келіп, қол ұшын соза алады.
Пікірлер