40 жастағы өңір тұрғыны жылқы ұрлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, қыркүйектің соңында ер адам қараусыз жүрген жылқы үйірін байқап, түнде оларды өзі жұмыс істейтін фермаға айдап әкеткен. Тоғыз жылқыны сатып, бір бөлігін базарға өткізген. Шығын көлемі шамамен 6 миллион теңгені құрады.
Жоғалған жылқыны іздестіріле бастаған соң заң бұзушы күдік тудырмас үшін қалған жылқыларды босатып жіберген. Алайда полиция қызметкерлері оның бұл іске қатысы барын анықтады.
Қазіргі таңда мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Пікірлер