"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпаратынша, 27 желтоқсанда облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Түнде және таңертең өңірдің шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Сондай-ақ облыстың солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жететін жел соғады.
Осы ретте ШҚО ТЖД өңілдері қолайсыз ауа райында алыс сапарға шықпауға кеңес береді.
-Егер сапарды кейінге қалдыру мүмкін болмаса, жол үстінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Ауа-райы нашарлаған жағдайда жанармай құю бекеттерінде, жол бойындағы дәмханалар мен ұйымдастырылған автотұрақтарда күте тұрыңыз. Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыздар, - делінген ақпаратта.
Пікірлер