1 қаңтардан бастап «Шығысэнерготрейд» ЖШС энергиямен жабдықтау ұйымының функциялары мен тұтынушылары «Біріккен Энергия Сервис Компаниясы» АҚ энергия тасымалдаушы ұйымына көшіріледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жаңа жыл алдында мемлекеттік сатып алу порталында шарт жасасқан тұтынушылар жаңа ұйыммен 2025 жылға келісімшарт жаңарту керек. Басқа тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету мемлекеттік шарт негізінде жүзеге асырылады. Олардың жеке шотының нөмірі де өзгермейді.
Тұтынылған электр энергиясы үшін әдеттегі әдіспен төлеуге болады. Желтоқсан айының төлемі «Шығысэнерготрейд» ЖШС-ға, қаңтар айының төлемі «ОЭСК» АҚ-на жіберіледі.
- Тұрмыстық тұтынушылар үшін артық төлемдер автоматты түрде жарамды жеке шотқа сақталады және қаңтар айындағы төлемдерде ескеріледі. Ал тұрмыстық емес тұтынушылардың және заңды тұлғалардың артық төлемдері тұтынушының өзі өтініш берген жағдайда аударылады, - дейді «Шығысэнерготрейд» ЖШС өкілдері.
1 қаңтардан бастап электр энергиясын беру және энергиямен жабдықтау мәселелері бойынша тұтынушылар 8 (7232) 700-555 телефоны арқылы хабарласа алады. Сондай-ақ «БЭСК» АҚ, «Шығысэнерготрейд» ЖШС кеңселеріне жүгінуге болады.
Пікірлер