"Қазгидромет" ШҚ филиалының мәліметінше, 28 желтоқсанда күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қалың қар күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Түнде өңірдің солтүстігі мен шығысында бұрқасын болуы ықимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында екпіні 23 м/с жететін жел соғады.
Осы ретте ШҚО ТЖД мамандары азаматтарға елдімекеннен шықпауға кеңес береді. Жаяу жүргіншілер жолдан өткенде мұқият болу керек. Көлік жүргізушілеріне жылдамдықты сақтаған жөн.
Тасжолдардың жай-күйі, дауылдың алдын алу туралы ақпаратты «Дәрмен» ұялы қосымшасын тегін жүктеу арқылы білуге болады.
Төтенше жағдайда «112» нөміріне хабарласыңыздар.
Пікірлер