Adam Research сарапшылары жүргізген «Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының және жұмыспен қамтудың ерекшеліктері» зерттеуінің нәтижелеріне сүйенсек, елде еңбек ететін әр үшінші адам бейресми жұмысқа тұрған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әлеуметтік сауалнама қорытындысында жұмыс істейтін респонденттердің 36,4%-ы бейресми жұмыспен қамтылған (ерлер - 37,6%, әйелдер - 34,9%.
Бұл көрсеткіш Түркістан мен Алматы облыстарына, Шымкент қаласында жоғары. Мұнда бейресми еңбек ететіндер үлесі облыс халқының 30 пайызынан асады.
Ал ең төменгі нәтиже Шығыс Қазақстан (14,8%), Ұлытау (19%) және Ақтөбе (20,4%) облыстарында тіркелген.
Пікірлер