A+ A A-

talgatzhan 44 27-12-2024, 15:35 0

ШҚО-да күзгі әскери қызметке шақыру аяқталды

Бүгін / ШҚО

Биыл Шығыс Қазақстан облысынан 2000-ға жуық азамат Қазақстан Қарулы күштерінің қатарына қосылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 


30 желтоқсан күні шығыстан Ұлттық ұлан сапына соңғы команда Отан алдындағы борыштарын өтеуге аттанады.

Өңірден айбынды әскер қатарына қосылғандардың мыңға жуығы Қорғаныс министрлігіне, 200-ден астамы ҰҚК Шекара қызметіне, 200-ден астамы Ұлттық ұлан құрамына, 20-сы Мемлекеттік күзет қызметіне, 50-ге жуығы Төтенше жағдай қызметіне жіберілді. 

Әрбір әскерге шақырылушы медициналық комиссиядан және кәсіптік бағдарлаудан өтті. Сондықтан олардың қызметі барынша тиімді және мүмкіндіктеріне сәйкес өтуі тиіс.

–Күзгі әскерге шақыру науқаны да аяқталды. Біз шығарып салған сарбаздар Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып шығады деген сенімдеміз. Күзгі әскери шақыртуды ұйымдастыруға қатысқандардың барлығына, оның ішінде әскери комиссариат қызметкерлеріне, медициналық қызметкерлерге, сондай-ақ сарбаздар мен олардың отбасыларына еңбектері, белсенділіктері үшін алғыс айтамыз, – деді тәрбие идеологиялық жұмыстар мәселелерін жетекшілік ететін департамент бастығының орынбасары басқарма бастығы майор Жасулан Сатыбалдиев.

Әскер қатарына қосылу – бұл жас жігіттердің Отанына пайда әкелетін абыройлы міндеті. Бір жыл көлемінде сарбаздар әскери өмірге терең бойлай алады. Сарзбаздар борышын өтеп жүрген уақытта, олардың мойындарындағы несие сынды қарыздары бір жылға тоқтылады. Сонымен қатар өздерін көрсете алған сарбаздарға жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндіктер беріледі. Бастысы – әскер қатарына қосылған сарбаз еш уайымсыз өзіне жүктелген міндетті абыроймен алып шығуы керек.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив