A+ A A-

talgatzhan 33 27-12-2024, 16:35 0

ШҚО-да ағашты заңсыз кесу бойынша 20-дан астам құқық бұзушылық анықталды

Бүгін / ШҚО

Өңір полицейлері орман алқаптарына әуеден бақылау жүргізуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

20-31 желтоқсан аралығында «Шырша» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Нәтижесінде 20-дан астам құқық бұзушылық тіркелді. Бұдан бөлек, облыстың орман алқаптарын бақылау үшін тікұшақпен әуеден мониторинг жүргізілді.
Осы ретте тәртіп сақшылары азаматтарды табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарап, заңдарды қатаң сақтауға шақырады. 
Естеріңізге сала кетейік, ағаштарды заңсыз кескен шығын мөлшері 50 АЕК-тен төмен болса әкімшілік, ал егер шығын мөлшері 50 АЕК-тен асып кетсе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив