Оқиға Глубокое ауданындағы демалыс орталықтарының бірінде болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
25 желтоқсанда бірнеше итті демалушылардың көзінше атып жіберген. Халық наразылық білдірді. Олар болған жағдайды видеоға түсіріп алып, полицияға арыз жазған.
-Жануарларға қатыгездік көрсеткен азамат заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды, - деді ШҚО ПД өкілдері.
Сондай-ақ Глубокое ауданының әкімшілігі аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілетінін хабарлады.
Пікірлер