«Қазселденқорғау» облыстық филиалының ақпаратынша 30 желтоқсан - 2 қаңтар аралығында өңірдің таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы ретте ШҚО ТЖД мамандары бұл уақытта таулы жерлерге бармауға кеңес береді. Көшкін қаупі бар ошақтар автокөлік жолдарына қауіп төндіреді. Сондықтан олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамай, қауіпті аймақтан тез шығу керек.
Төтенше жағдайда «112» нөміріне хабарласыңыздар.
Пікірлер