Полиция қызметкерлері ауа райының қолайсыздығына байланысты өңір тұрғындарын барынша сақ болуға және қала сыртына шықпауға шақырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, демалыс күндері патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қар құрсауында қалған 100-ге жуық көлік жүргізушісіне көмек көрсетті.
- Құрметті азаматтар, ауа райы қолайсыз болған жағдайда жолда сақтық танытып, мүмкіндігінше алып сапардан бас тартыңыз және мамандардың ұсынымдарын қатаң сақтаңыз. Сіздердің мұқияттылығыңыз бен жауапкершілігіңіз жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Қар тазалау және мұз қату қаупі бар учаскелерді өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Пікірлер