
Көп адам қазір өмір ағысы алдына қара салдырмай, әралуан өзгерістер мен жаңалықтарын бауырына сыйғызып, жылдам жылжып барады деп жатыр. Бірақ уақыт өткен сайын пейіл мен болмыс, мінез бен мақсат алма-кезек ауысып, адамзат ғұмырын түрлендіріп келеді. Редакция ұжымындағы жағдай да газеттің алғашқы нөмірі басылғалы бірде шатқаяқтап, бірде еңсе тіктеп, әлем желі әлі де қолданыс аясын кеңейтіп жатқан тұста патша көңіл оқырманға ең қажет деген, қызықтырады-ау деген мақалаларын шама-шарқынша ұсынып келеді. Қоян-қолтық жұмыс істеп, қолдауын аямаған әріптестер де аз емес. Әдеттегідей, оларға алғыс білдіруді жөн көрдік, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бағыты өзгермеген басылым
Бірі таралым, бірі тираж деп жатады. Қайсысын таңдасақ та, қуанарлық жайттар ілуде-біреу. Бұрынырақта 3500-6000 таралыммен қала-аудандарға жөнелтілетін газеттердің оқырманы біршама азайды. Бұл шындық. Себебі сан түрлі болуы мүмкін. Осыған дейін Шығыс Қазақстанға қараған бірнеше ауданнан «Сәлеметсіздер, «Менің өлкемді» біз жаққа жібере аласыздар ма?» деп әлі де хабарласып жатады. Кейде газет-журналдар межелі жеріне апта өткен соң жеткізіледі. Шалғайдағы елдімекендерде мұндай жайт кейде жиілеп кетеді. Дей тұрғанмен «Өлкемнің» өміршеңдігін ұзартуға сүбелі үлес қосып отырған тұрақты оқырмандар әлі үзілмеді. Талай жылдан бері шешімін таппай жатқан мәселелерді тізбелеп, ақпараттық қолдауларын білдіріп жатады. Өз кезегінде журналистер де көп жағдайда әлдебір адамға немесе мекеме, ұйымның жұмысын көрсету үшін ақпараттық қолдау білдіреді. Екеуі ұқсас жағдай. Редакция тұрғысынан қарасақ, оқырмандар газет ұжымына дәл осы көмекті бере алады.
Мерзімді басылымдағы айдарлар бәлендей өзгерген жоқ. Тек айшықты оқиғаларға байланысты беттердің орны ауысып, дизайндық жағынан өзгешеліктер енгізіліп тұрды. 4-ші беттің төменгі тұсындағы инфографика бұрын республика асып, тым ауқымды мәліметтерді қамтитын. Былтырдан бері көбінде облыс, әрі кетсе республикалық ақпараттар мен статистикалар ұсынылып келеді.
Алтыншы беттің айдарын өзгертпеуге тырыстық. «Аймақ» беті қажет-ақ. Қаладан бастап, аудан, ауылдарда шешімін таппаған мәселелер жетерлік. Соны біржақты ету үшін қала, аудан әкімдерінің жанталасқандарын жиі ести бермейміз. Кей жақта бес-алты жыл, тіпті одан арғы уақыттан бергі түйткілдердің мұрты бұзылмай сақталып тұр. Айтпақшы, 4-ші беттің айдары да өзгермеді. Бірнеше жылдан бері «Анығы мен қанығы» деп тұр. 5-ші бет айдарын негізінен «Біздің адам» дегенімізбен, ара-тұра өзгеріп тұрады. Президент жолдауы, облысқа қатысты маңызды ақпар мен бір бетке жанры екі түрлі мақала ұсынылғанда «Біздің адамды» ауыстырамыз. Осы жылғы сұхбаттар әр мамандық иелерін қамтыды. Бірақ Шығыс Қазақстан топырағында әлі де жазылмай жатқан, еңбегі мен жетістігі, жүріп өткен жолы көпке танылмаған жастар, азаматтар мен нәзік жандылар біршама. Әр саланың шетін ұстап, кәсібін дөңгелетіп отырғандарды ақпараттық жағынан қолдау редакция саясатының бір бөлігі. Алапат өртке қойып кетіп, адам құтқарғандар, сырқаттан сауығудан күдерін үзгендерге үміт сыйлаған ақ халаттылар, саңлақ спортшылар болсын – олар туралы деректер газет арқылы оқырманға жол тартты.
Биыл облыс әкімдігі тарапынан мемлекеттік тапырыс аясында ақпарат тарату қолдауға ие болды. Іссапарлар көбейіп, журналистер қатысуы тиіс шаралар легі де артты. Ресми мәліметтердің көбі «Менің өлкемнің» артқы беттеріне орналастырылды. Өзектілері негізгі беттерден көрінді. Биыл «Таза Қазақстан» акциясы тұтас облысты қамтып, соған негізделген ақпараттар бірінен соң бірі жарық көрді.
7-ші беттің жүгін көтеретін мақалалар өз алдына. Кейде сараптама, кейде анықтама, кейде әлеуметтік мәселелерді қамтиды. Ресми жиындар да ара-тұра осы жерге орнығады. «Өзекті мәселе», «Біздің анықтама» тағы басқасы бар.
Кейде көсіліп жазған көлемді мақалалармен бірге қысқа жаңалықтар да қызықтырады көбін. Халық қанша күн демалады, жаңадан қосылған мерекелер, ауа райына байланысты ескертпелер, зейнетақы тақырыбы және басқалары жаңалықтардан бастап, 4-ші, 5-ші, 7-ші беттерге жарияланды.
Күні бүгінге дейін газет-журналдың әр бетін, әр сөйлеміне зейін қойып оқитын егде жастағы оқырмандар спорт тақырыбындағы ақпараттар ұсынуымызды талап етеді. Орынды әрі керек ұсыныс, әрине. Дегенмен үздіксіз іссапарлар, мәлімет легінің әр нөмірде қаптауы аталған бағытта еркін қалам сілтеуге мүмкіндік бермеді. Алдағы жылы осы жағын ескеруге барымызды саламыз. Себебі, қазір өңір көлемінде жеңіл атлетика, шайбалы хоккейден «Торпедо» бас көтеріп, «Алтай» футболшылары еңсе тіктеп келеді. Еркін күрес, көркем гимнастика, семсерлесу сынды спорт түрлері жоғары нәтиже беріп жүр.
Мақала әзірлеу кезінде қарсы тараптың жедеғабыл мәлімет ұсынуы аса маңызды. Біріншіден, ақпарат дұрыс таратылады; екіншіден, ол жақтың байланыс орнатудағы ашықтығын байқауға болады; үшіншіден, уақыт үнемделіп, жұмыс жеңілдейді. Бірден қоңырау шалып, диалог орнатқан ең жылдам әдіс. Ол болмаса, брифинг, баспасөз жиыны кезінде сауалдар легін қойып, тұщымды-тұщымсыз жауапты сол жерде алуға болады. Ал уақыт жоғалтсақ та, сенімді әдістің бірі саналатын қадам ол – сұраухат жіберу. Жылдам мәлімет ұсынатындар қатарында облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, Ветеринария, Жер қатынастары, Цифрландыру және архивтер басқармасы, бірқатар аудан әкімдіктері бар. Самар, Ұлан, Алтай, Тарбағатай, Риддер, Күршім ауданы әкімдіктерін, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы Ермек Құрманғалитегін айта кетуге болады. Мұнымен қатар Күршім аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы Шынар Джамбакироваға, Күршім аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуанған Қарағызовқа, «Қазпошта» акционерлік қоғамы ШҚО филиалына қарасты сату бөлімінің бас маманы Қайыргүл Мұхамбетоваға алғыс білдіреміз.
Демеу барда даму байқалады
Биыл тілшілеріміз барып қатысқан, сол аумақта бірнеше күн бойы аялдап ақпарат таратқан шаралар мен жиындар ерекше қаптады. Жасыратыны жоқ, Президент пәрмен берген «Таза Қазақстан» акциясы туралы көп мәлімет ұсынылды. Әкім қаралар мен басқарма, департамент басшылары әр тоқсан сайын Өскеменге келіп, есеп беріп кетіп жүрді. Осы орайда, оқырман үшін қызықты болуы мүмкін жиын мен шараларға шақырып, басылыммен үнемі байланыста болған әріптестерді атап өтуді жөн көрдік: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ШҚО бойынша Департаментінің аға офицері Гүлнұр Бекбаева, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Ақпараттық саясат және медиа коммуникация орталығының басшысы Қарлығаш Қасымова, ШҚО әкімінің баспасөз хатшысы Томирис Кабаева, «Amanat» партиясы ШҚО филиалының баспасөз хатшысы Тәттімбек Асханға, С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Altay Jastary» медиа-орталығының жетекшісі Флюра Есимхановаға, С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Altay Jastary» медиа-орталығының редакторы Гүлнұр Габдул-Гафуроваға, ШҚО драма және оперетта театры маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Еркежан Айтқазықызы, ШҚО прокуратурасының бас маманы Роза Бағланова, ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлнұр Түсіпова, Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Әміренова, Өскемен қаласы Полиция басқармасы Ертіс полиция бөлімінің ақпараттық саясат тобының жетекші маманы Гүлфира Ракишева, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы ШҚО филиалының баспасөз хатшысы Анель Есенбердина, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ШҚО бойынша филиалының баспасөз маманы Мөлдір Заруетқызына, KAZ Minerals Тобы корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері Ермек Дюзкенев, «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» КМҚК концерттерді ұйымдастыру бөлімінің маманы Аружан Қабдыльмлюкова, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры Әсемгүл Абзаловаға, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әсем Қайратбекқызы, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Марина Лискова.
Алғыс білдіреміз
Мақала жазатын адам қиял құсын әуелетіп, көңілі соққан жаңа бағыттар тауып жатады. Тың тақырып – тәуір мақаланың тетігі. Ондай кезде ақпараттық қолдаудың рөлі орасан. Редакция журналистері кітапхана, мұрағаттарға жүгініп жатады, кейде сол салада айтары бар адамдардан суыртпақтап сыр тартады. Бұл тұрғыда А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасы балалар оқуы және әлеуметтік бағдарламалар орталығының жетекшісі Гүлбаршын Абылғазинованы, 42 шақырым марафонға жүгіруде Азия чемпионатының жүлдегері атанған Әмір Байтоқанов, әріптестік ақыл-кеңесімен бөлісіп, қолдау танытқан республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Мерей Қайнарұлын атап өткен орынды.
Газет ұжымымен серіктесе жұмыс жүргізген басшылар:
ШҚО әкімі Ермек Көшербаевқа,
ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевке,
ШҚО әкімінің кеңесшісі Ернұр Бураханға,
ШҚО Ішкі саясат басқармасының экс-басшысы, қазіргі Самар ауданының әкімі Серік Жеңісовке,
ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Рауан Жампейісовке,
ШҚО Ішкі саясат басқармасының Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімінің басшысы Саят Ибраевқа,
ШҚО драма және оперетта театрының директоры Руслан Қайырсыновқа,
С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлегенге,
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллинаға,
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакеновке,
Өскемен қалалық О.Бөкей атындағы кітапхана директоры Хабиба Ақжігітоваға,
Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана директорының орынбасары Жанат Жиенбековаға,
ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можановқа,
ШҚО Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Самат Қасеновке зор алғыс білдіреміз!
Әділхан ЕСІМХАНОВ
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы

Руханият

Жұлдыз жорамал

Пікірлер