A+ A A-

talgatzhan 33 30-12-2024, 14:30 0

Қалбатау-Майқапшағай тасжолын жөндеу келесі жылы аяқталады

Бүгін / ШҚО

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ұзындығы 43,2 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар Қалбатау-Майқапшағай тасжолының тағы бір учаскесін қалпына келтірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ол 2-ші санаттағы екі жолақты автожолда пайдалануға берілді.
Тасжолға 330 мың тонна асфальт-бетон қоспасы мен 40 су өткізгіш құбыр төселді. 39 шақырым шлагбаумдық қоршау, 6 автобус аялдамасы, жылы дәретханасы бар бір демалыс алаңы жабдықталып, 1532 белгі орнатылды.
Облыс бойынша жолдың жалпы ұзындығы 231 шақырымды құрайды. Бұл жоба Ресей, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан бағытындағы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға оң әсер етеді. 
Айта кетейік, Қалбатау-Майқапшағай тасжолын жөндеуді 2025 жылы толығымен аяқтау жоспарланып отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив