«Қазгидромет» облыстық филиалының ақпаратынша, 31 желтоқсанда өңірде жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сондай-ақ облыстың солтүстігінде тұман басуы ықтимал.
Осы ретте ШҚО ТЖД мамандары еске салады:
- маршрут бойынша жүру кезінде жол ережелерін қатаң сақтаңыз;
-ауа-райы нашарлаған жағдайда елдімекендерде, жанармай құю бекеттерінде, жол бойындағы дәмханаларда, ұйымдастырылған автотұрақтарға жақын жерде тоқтауға тырысыңыз.
-төтенше жағдайда “101” немесе “112"-ге қоңырау шалыңыздар.
Пікірлер